Нужно перевести этот текст и сделать рассказ по нему, кто поможет дам 34 балла
Ертең – 1 қыркүйек. Биыл 2-сыныпқа баратын Арман мектепке дайындалды.
Оқулықтарын, дәптер, қаламын реттеп, сөмкесіне салды. Анасы алып берген су жаңа мектеп
формасын қайта-қайта киіп көрді. Кешкісін жұмыстан келген әкесі Арманға үлкен гүл шоғын
ұсынды. – Қарашы, қандай әдемі! Ертең ұстазыңа сыйлайсың, – деді.
Арман қуанып кетті. Гүл шоғы шынында да көздің жауын алардай әдемі болатын. Ертесінде
Арман қолына гүлін ұстап, сөмкесін арқасына асынып, мектебіне асықты. Дәл қақпаға
жеткенде сыныптасы Жанарды көрді. Жалғыз өзі тұр екен. Қолында гүлі жоқ. – Сенің гүлің
қайда? – деп сұрады бірден Арман.
– Кеше інім қолын сындырып алған еді. Әкем мен анам күні бойы емханада жүрді. Гүл
алуға уақыттары болмады, – деді Жанар мұңайып. Арман сыныптасын аяп кетті. Сәл ойланып
қалды да, гүлін Жанарға ұсынды.
– Уайымдама! Інің әлі-ақ жазылып кетеді. Ал мына гүлді сен ала ғой! – деді Арман.
– Өзің ше? Сен қайтесің? – деді Жанар оған.
– Гүлді апайға беру үшін алдым ғой. Сен бердің не, мен бердім не, бәрібір емес пе?! – деп
Арман гүлді Жанарға ұстатты. Жұпар иісті әсем гүл шоғын қолына алған Жанар жадырап сала
берді.
– Жарайды! Мен бұл гүлді апайға екеуміздің атымыздан беремін, – деді күлімдеп.
Балалар қол ұстасып, мектепке қарай жүгіре жөнелді. Арттарынан ілескен Арманның анасы
оларға мейірлене қарап келеді
вот здесь вопрос Арманның орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз? Арман сияқты балалар
бүгінгі күні бар ма? Қайырымдылық дегеніміз не? Ойыңызды жазбаша жазып жеткізіңіз.
Көлемі 50 сөз болуы тиіс.
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА