Жастар қалай бос уақытын өткізеді? Бір сөзбен барлық жастар туралы айту мүмкін емес. Бірақ, қазіргі жастардың көпшілігі компьютерге бағынышты болып қалған десек, өтірік болмас. Компьютерде ойын ойнайды, достарымен араласады, музыка тыңдайды, видеороликтер көреді, т.б. әйтеуір, компьютер алдынан тұрмауға себеп табылады. Дегенмен, басқаша өмір сүретін жастарда жоқ емес. Олар таза ауаны, табиғатты, достарымен бет-бет кездесіп араласқанды ұнатады. Спортпен айналысады, ата-анасына көмектеседі. Кітап оқиды. Таңдау жастардың өзінде, денсаулықты ойлағандары, компьютерді тек қажетін қолданып, басқа кезде салауатты өмір салтын ұстанады.