Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. "Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра " дейді дана халқымыз.
... еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймьн! Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші "жастық шаққа" да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай калпыңыздан таймай, өмірдің қызығьна кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!