Әр адам белгілі бір мамандық иесі болғысы келеді.Кейбіреулері мұғалім,кейбіреулері биші,әнші болғысы келеді.Мен болашақта дәрігер болсам екен деп тілеймін,себебі мен бүкіл әлемде адамдар ауырмасыншы деп тілеймін.Ауру іздеп келмейді дейді ғой,сондықтан да,мұқтаж адамдарға қол ұшымды бергім келеді.Менің ойымша,дәрігер болу оңай жұмыстардың бірі емес.Себебі,адамның тағдыры сенің қолыңда болмақшы.Сенің бір ғана қателігін,адамның өмірін өзгертеді.Алайда,дәрігер болу,ең жақсы мамандықтардың бірі.Себебі,сен адамдарға қуаныш сыйлайсың,ауруын емдеп бересің.Адам баласы үшін бұл маңызды.Сондықтан да,дәрігерлерді сыйлауымыз керек.Себебі,олар бізді емдеп,сауықтырады.