«Ағаш тамырымен,адам досымен мықты»,-деген аталы сөз бар қазақта. Шын мәнісінде де ке-келген адам баласының өмірінде үлкен рөл атқаратын шынайы достық сезімін өз басыңнан өткере білу,оны сыйластықта жалғастыра білу үлкен бақыт.Өмірге деген көз қарасы өзіңменен ұқсас,жан-дүниеңді ұғына білетін жанмен сыйластығыңды жалғастыру үшін адам бойынан шынайылық,адалдық қасиеттері табылуы тиіс. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.