Біреудің Есегі мен бар еді Аты,Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен Есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты. Жүк ауыр, Есек сасып, алақтады, Иесі демалуға қаратпады. Әл кетіп, жығыларға таяғанда, Жалынып Атқа Есек сөз айтады: «Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті, Емеспін жүре алатын енді тіпті. Зорығып, жолда өліп қалатынмын, Алмасаң ауыстырып біраз жүкті». Ат оған ешбір жауап қайтармайды, Ауырлап жүгін, Есек қайқаңдайды. Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып, Жүруге онан әрі жайы қалмайд