Асың болсын табақты,
Баспасын қайғы қабақты.
Қоныс жерің құтты боп,
Туың болсын байрақты.
Асың болсын қазанды,
Иманың болсын азанды.
Құт-береке айналаң,
Алмасын ешкім мазаңды.
Отарлы болсын қойыңыз,
Торқалы болсын тойыңыз,
Біз келгенде қонаққа,
Семізінен сойыңыз.