Қарағандыда 17 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынған «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысындағы филиалы басшысының орынбасары Ержан Отаровқа қатысты түскен алты шағым сот тарапынан қанағаттандырылды деп жазады "ҚазАқпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері Ержан Отаровтың ісімен айналыспай тұрып, оған қатысты алты адамнан сотқа шағым түсті. Олардың төртеуі жеке тұлғалар және екі заңды тұлға - оған қарыз берген «Қазақтелеком» компаниясы және жеке фирма.