1. Иелік мәнін білдіріп тұрған сөзді табыңыз. Менің пәтерім екінші қабатта орналасқан. A)...

0 голосов
193 просмотров

1. Иелік мәнін білдіріп тұрған сөзді табыңыз.
Менің пәтерім екінші қабатта орналасқан.
A) екінші
B) қабатта
C) пәтерім
D) орналасқан
2. Сөйлемді толықтырыңыз.
Менің досым бүгін бастықтың ... жазылмақшы.
A) қабылдау
В) қабылдауы
С) қабылдауында
D) қабылдауына
3. Сөйлемді аяқтаңыз.
-Тауарларды жеткізу мәселесін шешу жөнінде менеджермен ... .
A) қолдаңыз
B) ақылдасыңыз
C) ұсыныс жасаңыз
D) баяндама жасаңыз
4. Адамның қалауын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A) Нәтиже жақсы болу үшін реформа жүргізу керек.
B) Жүргізілген реформалардың нәтижесін көріңіздер.
C) Жүргізілген реформалар жақсы нәтиже беретін шығар.
D) Жүргізілген реформалардың нәтижесін көргіміз келеді.
5. Қажетті сөзді қойыңыз.
Бұл жоба өзі керек пе, ... мүлде қажет емес пе, соны түсініп алайық.
A) кейде
B) әлде
C) біресе
D) мейлі
6. Сөйлемді аяқтаңыз.
Жаңадан ашылған қорға екі миллиондай ақша ... .
A) алынды
B) жасалды
C) жиналды
D) құрылды
7. Қажетті сөзді табыңыз.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл екен, ..., оны еліміздің әр азаматы білуге міндетті.
A) егер
B) демек
C) себебі
D) әйтпесе
8. Көптік мәнін білдіріп тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Достарыммен кездестім.
B) Айнаштар қайтып кетті.
C) Кешкі сегіздерден кейін кел.
D) Себеп-салдарын ұмытқан шығар.
9. Сөйлемді жалғастыратын сөзді табыңыз.
Мен сізге аздап көмектесейін ... заңгермен кеңесіңіз.
A) та
B) онда
C) өйткені
D) немесе
10. Тиісті сөзді қойыңыз.
Компанияның президенті жобаның жасалғанына риза ... .
A) қалды
B) болды
C) айтты
D) етті
11. Асты сызылған сөздің мағынасын көрсетіңіз.
-Бұл мектепке тек үздік оқитындар қабылданады, - деп хабарлады.
A) қабылданады
B) тыңдады
C) сөйлесті
D) айтты
12. Тиісті сөзді табыңыз.
Қазақстанның ... жері – Көкшетау аймағы.
A) өте биік
B) ең көрікті
C) тым аласа
D) аса құрметті
13. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.
Бізде ... үзіліс сағат 13.00- ден 14.00-ге дейін.
A) түскі
B) түнгі
C) кешкі
D) таңертеңгі
14. Диалогты аяқтаңыз.
- Бақыт, ауылдан қашан келдің?
- Мен ауылдан ... келгенмін.
A) кеше
B) кеште
C) осы күн
D) алдында
15. Сұраққа жауап беріңіз.
Қазақстан экономикасының дамуына ненің ықпалы күшті болды?
A) мұнай өнеркәсібі
В) мұнай өнеркәсібін
С) мұнай өнеркәсібінде
D) мұнай өнеркәсібінің
16. Екі түстің кезектесіп келетін сөйлемді табыңыз.
A) Алакөл толқындары біресе ақ, біресе көк болып өзгеріп жатады.
B) Алакөл толқындары әр түрлі болып өзгеріп жатады.
C) Алакөлдің суының өте шипалы екенін халық біледі.
D) Алакөлде туризмді дамыту қажеттігін ұсынып отырмыз.
17. «Өте суық» сөзімен алмастыруға болатын сөзді көрсетіңіз.
A) Ең суық жер осы екен.
B) Қатты қорыққан бала сұп-сұр болып кетіпті.
C) Есікті ашқанда сұп-суық ызғар лап етті.
D) Бұл оның Антарктидаға жасаған алғашқы сапары еді.
18. «Жиналыс» сөзіне мағыналас (синоним) қатарды көрсетіңіз
A) жиын, үкімет, жұрт
B) мәжіліс, мәслихат, кеңес
C) мекеме, ұйым, хабар
D) жиылыс, жаңалық, ақпарат
19. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Қар көп жауып, жер ылғалды болса, ... .
A) астық мол болады
B) ауа ластанады
C) құрғақшылық болады
D) ауаға оттегі көп бөлінеді
20. Адамның өзіне қатысты істейтін әрекетін көрсетіңіз.
A) бояу, тазалау
B) бояну, тазалану
C) бояту, тазалату
D) боясу, тазаласу
21. Сөйлемді толықтырыңыз.
Жағдай бақылауға ..., қар көшкіні қаупін жоюға болады.
A) қайталанса
B) алынса
C) сақталса
D) ескертілсе
22. Сөйлемді толықтырыңыз.
Айыпкер деп танылған жігіт өз кінәсіздігін ... .
A) мойнына алды
B) көмек көрсетті
C) дәлелдеп шықты
D) беріп жіберіпті
23. Қажетті сөзді қойыңыз.
Кездесу алдында ол ұзақ ... .
A) сәнденді
B) сәндеді
C) сәндендірді
D) сәндеген жоқ
24. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Егер жәбірленуші кешірсе, ... .
A) сен түсіндің
B) онда сот болмайды
C) сондықтан ол білді
D) себебі біз қуандық
25. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Менің ертең уақытым жоқ, ... .
A) сол себепті демаламыз
B) себебі мақала жазамын
C) әйтпесе қонаққа барамыз
D) егер фестиваль болса


Қазақ тiлi (19 баллов) | 193 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

1.с
2 д
3 в
4 д
5 в
6 с
7 в
8 в
9 д
10в
11 асты сызылмаған
12в
13а
14а
15д
16а
17с
18в
19а
20в
21в
22с
23в
24в
25в

(62 баллов)