Төр – жасы үлкен адамдар, сыйлы қонақтар отырғызылатын қастерлі орын.
Қазақ үйге кірген мейманды “төрлетіңіз”, “төрге шығыңыз” деп қарсы алады. Көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызып құрмет көрсетеді.
Төрге жасы үлкен адамды, сыйлы қонақты отырғызған.
Қарттар біздің асыл қазынамыз деген аталы сөз бар. Дастарханға қарт адам бата береді.