Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы.
Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады.