Сабақ біткеннен кейін Мейрамбек үйге келіп , қозыларын өріске айдап шықты. Ауылда күн жылы. Төмпешікте сарғалдақтар жайқалып өсіп тұр. Мейрамбек қозыларына кішкене қарады. Одан кейін , сарғалдақтар өсіп тұрған төмпешікке жүгіре жөнелді. Аспандағы бұлттар аппақ мақтаға ұксайды.
Мейрамбек аспанның әдемі екенін енді байқады. " Мына шеттегі бұлтқа мініп алып, әлемді шарласам. Жоқ, болмайды. Мен атам мен әжемді тастап кете алмаймын".