Түбі бірге туысым эссе керекке

0 голосов
82 просмотров

Түбі бірге туысым эссе керекке


Қазақ тiлi (12 баллов) | 82 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс берісті, құда жекжат, жамағайын жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп қаймағымыз бұзылмаған заманадан жеткен ұғым. Өткенімізді қарап отырсақ,. ел бастаған көсем де ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөздерді жиі айтқан. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей ұйып ғұмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе даңкты бабаларының атын ұран қып шақырып, канымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз нуымыз бір Ер Түріктің ұрпағы, алаштың азаматымыз десіп бәтуаласып, баталасып бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп бір байрақтың түбінен табылған.

Қаймана қазақ түз төсінде жолыға калса жеті атасын таратысып,  егжей-тегжей жөн сұраса келе: «Ой. сен өзі бөтен болмадың, тіпті ет жақын туысым болып шықтың, бізге жиен екенсің немесе нағашы не құда екенсің ғой» десіп шұрқыраса табысып құшақтары қабысып, әзілдері жарасып, ел жұрт, бала шағаның амандық-саулығын сұрасып бір жасасып қалады. Бұның бәрі халқымыздың айрықша қасиеті. Басқа жұртқа ұқсамайтын ерекшелігі. Қазақы бауырмалдылық. Қазақтың казақтығының  бір  ұшы  осында жатыр. Бірақ кейінгі жылдары біз өзімізге табиғи тән осы қасиетімізден де ажырап бара жатқандаймыз. Қазір екінін бірі жеті атасын біле бермейді. Тіпті кіммен калай туысатынын да ажырата алмайды. Ілуде біреуден: «Осы пәлен шекең  сенің кімің?» деп сұрасаң: «Білмеймін. әйтеуір туысқанбыз, әке шешеміз көзі тірісінде бауыр тұтып жүретін, бір жақындығы бар шығар» дейді. Ал кейбір білгендерінің өзі мысалы, жиеншары болса «әкемнің туған қарындасының баласының баласы» деп шұбыртады. Қалай туысатынын түсінгенмен кімім дерін білмей қиналады. Әсіресе кейінгі жастар туыстық қатынастардың ара жігін ажыратып. жіліктеп айтуға шорқақ.

Төңкеріске дейін қазақ арасында патриархалық-рулық қатынастың сілемі сақталып келгенін — олардағы туысқандық қарым-қатынастан да анық көруге болады. Айталық, жеті атаға дейін қыз алыспау, яғни экзогамия заңына негізделген бұл жора олардың санасындағы өте әріге кететін тектік жақындықты ұмытпаушылықты көрсетеді. Мәселен, тікелей мұрагері немесе әмеңгері қалмаған жағдайда мал-мүліктің де, жесірдің де, өлген адамға туысқандық жақындығына қарай немере, шөбере немесе аталас және руластарының иелігіне өтуі – қазақ арасында туыстық қатынастың беріктігіне дәлел бола алады.

Туыстық қатынас өлгеннің артында қалған мұраға иелік етуге ғана байланысты емес. Өйткені туысқандық қарым-қатынас бір-біріне әр түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде де анық байқалады. Мәселен, қыз ұзату, келін түсіру, енші бөліп беру сияқты қуаныш кезінде, немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жүзі және жылын беру, әки әр түрлі кездейсоқ апаттарға (жұт, өрт т.б.) ұшырап, мал-мүліктен жұрдай болған туысқа туыстық жақындығына немесе өз шама-шарқына қарай “косқаным” деп көмек көрсету әдеті бұған дәлел. Мұндай көмек қазақ арасында “жылу”, “немеурін”, “үме” деп аталған. Осындай туыстық, қала берді рулық ауызбірлік, ынтымақтық нәтижесінде “көп жиылса көл” болар деген мақал калыптасса керек.

Бір-біріне көмек беру әдеті өте ертеде қалыптасқан, яғни оның түп тамыры рулық құрылысқа кететіні даусыз. Сондықтан да ол кездегі әрбір ру мүшесінің қоғамдағы орны, салмағы бірдей болды. Келе-келе жеке меншіктің, таптың шығуына байланысты өзара сілетсіз көмектің де мәні өзгерді, таптық сипат алды. Туыстық көмек дегенді желеу етіп, ауқатты, ықпалды адамдар өздеріне көбірек көмек жинаса, яғни оған маңайдағы толып жаткан ел түгел үлес қосса, кедейлерге арналған көмекке қосылатын үлестердің мүшелері де тым шағын болумен бірге, оған азғантай ғана жақын туыстар қосылатын. “Алмақтың да салмағы бар” немесе “Бай – байға, сай сайға құяды” деген мақалдың өзі осыны дәлелдейді.



(352 баллов)