"Кісінің көркі киім емес - білім" деген мақалдың мәнін қалай түсінесіз?

0 голосов
275 просмотров

"Кісінің көркі киім емес - білім" деген мақалдың мәнін қалай түсінесіз?


Қазақ тiлi (1.8k баллов) | 275 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Адам баласы жаратылғаннан бері қаншама қыйлы замандар өтті. Адамзат қанша қиыншылық пен жоқшылықты, соғыс пен аштықты басынан кешірді. Бірақ сондай қиыншылыққа қарамастан адамзат баласы әрқашанда қиындыққа мойымай алдыға жылжуда. Қазіргі кездегі адам баласының жеткен табыстарын қарастыра кетсен. Бағзы замандардан бері адамзат қауымы даму үстінде, ол ешуақытта бір орында тұрған емес. Адам өз жаратылысынан бір нәрсе көрсе соған қызығып, зерттегісі келіп тұрады. Бұл адамның ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етті. Осы кезге дейінгі жеткен барлық жетістіктер - білім арқасында. Егер адамдарда білім болмаса онда адамзат қауымы ешуақытта дамымас еді. Білімді адам - мыңды жығады деп бекер айытпаған. Баяғы заманнан бері адамның киіміне қарап мынау білімді кісі деп айытпаған. Адам жақсы киініп алып өзін дөрекі ұстауы мүмкін. Ал білімді, ақылы мен иманы бар  адам ешуақытта ондай қылықтарға жол бермейді. Сондықтан да кісінің көркі киімінде емес - ол білімінде.

(26 баллов)