Әңгімені әрі қарай жалғастырыңдар. Ат қойындар. Кітап -- адамға дос және ақылшы. Кітап...

0 голосов
171 просмотров

Әңгімені әрі қарай жалғастырыңдар. Ат қойындар.
Кітап -- адамға дос және ақылшы.
Кітап қиын сәттерде көмекке келеді, ақыл-кеңес береді. Біз кітаппен бірге күлеміз, қуанамыз. Кітап әр адамның ой-өрісін кеңетейді...

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
Шығармашылықты дамыту, ертегілер әлеміне саяxат жасау, тиімді пайдалану, бос уақыт, әдебиеттің бай құндылығы, ашу.


Қазақ тiлi (12 баллов) | 171 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді

(352 баллов)