1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамдарының бір түрі. Бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қоямыз. Ашытқы көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейміз. Содан кейін қамырды жайып, төрт бұрыштап кесеміз. Кесіп дайындалған бауырсақтың беті кеуіп кетпеу үшін, матамен жауып қоямыз.
Қазанға май құйып әбден қыздырып алған соң, бауырсақты саламыз. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрамыз. Сонда бауырсақ біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады. Сондықтан отты баяу жағып қойған дұрыс. Қызарып піскен бауырсақ дәмді болады.
Мәтіннің атауы:______________________________________________
Мәтінге үш сұрақ:
1.
2.
3.