Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!»- деп Х. Талғаров айтқандай нағыз достық- бұл
өмірде демеу болар, қандай жағдай болмасын сені қолдап, қорғап, сыр
бөлісіп, ән-жырды, ойын- күлкіні бөлісіп жүретін адал жандар арасындағы
адал сезім. Достықтың екі түрі бар. Бірі- адал дос болса, екіншісі-
амал дос болар.Әр адамның өзіне жақын сыр бөлісер, адал, әрі жан досы
болады. Адал, әрі жан досың саған әрқашан жақсылық ойлайды.Сенің қамыңды ойлап, жанын беруге де даяр ақкөңіл жан. Қиын жағдайда
жұбатып, көңіліңді көтере білетін, қайғыда да, қуанышта да қасыңнан
табылады. Ал, амал досқа келетін болсақ, олар тек өзінің пайдасын
ойлайды. Қандай жағдай болмасын, кез-келген жерден алдап, арбап, өз қара
қу басына қиын жағдай түссе, сатып кетеді, болмаса алдап кетеді. Ал,
өзінің басына күн туса, басқалардың аяғанын қалайды. Менің оқыған
ертегім « Екі дос», желісі
бойынша түйгенім, досыңа адал болу арқылы ғана жеңіске жетуге
болатындығын түсіндім. «Аққуды атпа, досыңды сатпа»- деп, ата- бабамыз
бекер айтпаған. Егер адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ
пікірде болса ғана достықтары берік болады. Достық- өзара жауапкершілік
пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу,
көмек-тесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді. «
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» - демекші, достарымыз көп болсын
ағайын.