Табиғат қандай керемет. Ағаш пен гүлдің өскені, қоян мен кірпінің жүгіргені, осының барлығын табиғат деуге болады. Адамдар да, өсімдіктер де, жануарлар да табиғаттың бір бөлігі. Егер табиғат болмаса, онда біз де болмас едік, тіпті бір тірі жан қалмас еді. Біздің салған заводтарымыз ауаны ластайды, онымен қоймай ағаштарды құлатып,өсімдіктерді жұламыз. Жоқ, бұлай болмайды. Табиғат бізге жанашырлық танытқандай, біз де оны қорғап, аялауымыз қажет.