Адам баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Алайда, Табиғат Ана дүниеге әкелген кереметтерге олардың ешбірі де жетіп көрмеді, тіпті, таласқан да емес. Ағын сулардың қатты екпінінен түрлі үңгірлер мен каньондар, небір сарқырамалар пайда болды. Жер асты тектоникалық бөліктерінің қозғалуы мен жанартаулардың атқылауы нәтижесінде, биік таулар құралып шықты. Әлемтану айдары бұл сөзіміздің растығын өздеріңізге күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Бірақ, ол кереметтердің түбіне әлі ешкім де жетіп көрмеген болар. Табиғат деген шексіз емес пе?..
Сіз де, біз де кемпірқосақ пен күннің батуын талай рет тамашаладық, ал солтүстік шұғыласын көргендер кемде-кем. Өйткені, табиғаттың бұл құбылысын жердің солтүстік және оңтүстік полюстерінен бақылауға болады. Аспандағы ашық түсті алуан түрлі ұшқындар мен жарқылдар магнит өрісінің күннің сәулесін өзіне тартуынан пайда болады