Ай, күнім-ай
Асыл құмған, ендеше, асыл құмған-ай,
Айналайын көзіңнен, ай, күнім-ай, ашып-жұмған-ай.
Әкең сұңқар болғанда, шешең – тұлпар-ай,
Неге жаман болсаың, ай, күнім-ай, содан туған-ай.
Әруағына сыйынған Биекенің-ай,
Жаман білмес жақсының, ай, күнім-ай, кім екенін-ай.
Қайда жүрсе жақсының жаттығы жоқ-ай,
Жақсы болсаң боларсың, ай, күнім-ай, бір мекенім-ай