Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сол кезде-ақ қазақ «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғауға тәрбиелеген. Сол тәрбие, бабалар салған игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып жатыр. Дегенмен, табиғат Анаға бүгінгі күннің көзімен қарайын болсақ, қоршаған ортамыздың шынымен де жетімдік тартып отырған тұстары бар. Оған,әрине, бүгінгі заман қажеттілігі, өмір талабы себеп болып отыр. Елдің өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғаттың тазалығы да соншалықты маңызды