Пожалуйста напишите сочинение "Арамызда коллекционерлер көп" (перевод: Среди нас много...

0 голосов
32 просмотров

Пожалуйста напишите сочинение "Арамызда коллекционерлер көп" (перевод: Среди нас много коллекционеров) дам 40 баллов.


Қазақ тiлi (452 баллов) | 32 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Көбіміз кішкентай кезде сағыздың қорабындағы суреттерді, әртүрлі фишкаларды жинап жүрдік. Бірақ бұл ермекті уакыт өте ұмыта бастадық.

Ал бүкіл әлемде еңбектеген баладан еңкейген ата-әжелерге дейін белгілі бір затты жинауды жақсы көріп, сол әуестікке жан-тәнімен берілген көптеген адамдар бар. Оларды коллекционер немесе жинаушылар деп айтады. Әр адамның өзі құмартатын, әуестенетін, жаны қалаған кәсі­бімен шұғылданғаны қандай жақсы,ал сол кәсібі жинаушының коллекциясын үлкейтсе, сол коллекционерден бақытты адам жоқ. Бүгінде тиын, ақша, магнит естеліктер мен төсбелгілер коллекциясымен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Ерекшеленуді қалайтын жұрт коллекциясын да ерекше етуге тырысады және мүмкіндік болса Гиннес рекордтар кітабына енуді қалайды. Мысалы,Ұлыбританияда әртүрлі шаңсорғыштарды жинайтын бала, өшіргіштерді жинайтын қыз өмір сүреді. Біздің Қазақстанда ескі тарихи жәдігерлерді коллекциялайтын кісі өмір сүреді. Оның коллекциясы қазақ тарихынан көптеген мағлұматтарды береді.

Әрине, жинаушы адамдардың әуестігі әртүрлі заттарға тиесілі. Мысалы, тиын, жұмсак ойыншық,зергерлік бұйым, суреттер, тіпті әуен мен өлеңдер. Олардың бағасы әртүрлі. Бірақ жинаушы өз коллекциясын өте қатты жақсы көретіндіктен , өз әуестігі өзіне баға жетпес қазына секілді.

(760 баллов)