Рассказ ** тему вредные привычки ** казахском не большой пожалуйста

0 голосов
47 просмотров

Рассказ на тему вредные привычки на казахском не большой пожалуйста


Қазақ тiлi | 47 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б.

Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар пен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен-шекпенге, сый-құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай-ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайды, атүсті қарайды және халықтың мұң-мұқтажымен санаспайды.

Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.

Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. 

(114 баллов)