Мойылды — Павлодар облысындағы ауыл, сазбен емдейтін шипажай-курорт. Павлодар қалалық әкімдігі қарасты ауыл.
Павлодар қаласынан Солтүстік-Шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан шипалы сазбен емдейтін шипажай-курорт. Павлодар қаласының шекарасына енеді. Мойылды тұзды көлінің (Черемухово) жиегіндегі Құлынды даласында орналасқан.
Кезінде Павлодар облысы шипажайлар мен демалыс орындарымен әйгілі болатын. Павлодар облысының кейбір көлдеріне жергілікті тұрғындар да, қала қонақтары да қажылық жасағандай келетін. Солардың ішінде аса танымал Ямышево, Маралды, Мойылды көлдері болып табылады. Мойылды көліндегі шипалы саздың құрылымы соңына дейін зерттелмеген. Шипалы саз қасиеті мол.
Жергілікті жұрттың кейбір әншейін болжамдары қазіргі заман жағдайындағы зерттеу жұмыстарының қорынтындыларымен және есептеулермен толықтырылды. Мойылды көлінің, оның бірегей шипалы сазының емдік қасиеттері жайла Павлодар өңірінің тұрғындары ерте заманнан-ақ білген. Кәрі адамдар уақыт келе сырқаттанған буындарын емдейді, әйел адамдар бедеуліктен айырылуды іздейді, еркек адамдар еркектік күшін жинаса, балаларды асқынған жөтелден, дене бойына қаптаған бөртпеден және тағы басқа сырқаттан айыру үшін әкелген. Бүгінде денсаулық пен ұзақ өмірдің көзі өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Шипажай ретінде өз қызметін 1922 жылдан бастап атқарып келеді. Әрекет және тіреу органдарының, жүйке, гинекологиялық ауруларына шалдыққан сырқаттарға 560 (қысқы кезеңде 360) орын бар. Жазда жасөспірімдерге 60 орын қарастырылған. Шипажайда шипалы сазбен емдеу жүргізіледі (20 сазды тақтай төсектер және 20 бұлаулар), бювет (минерал көздерінде орнатылған құрылғы). Шипажай XX ғасырдың 30-40-жылдары салынған саябақта орналасқан. Мойылды санаторий.
1975 жылға дейін маусымдарда ғана қызмет көрсететін. Ал қазір жыл бойы қызмет етеді. Мойылды Павлодар – Успен ауданы Павлодарлық автокөлік бағытындағы тас жолымен байланысқан.