Сочинение тенге ұлтық валюта

0 голосов
125 просмотров

Сочинение тенге ұлтық валюта


Қазақ тiлi (12 баллов) | 125 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ұлттық валютамызмыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы қазақстан республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.
Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.

1992-1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де ифляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы жіне де оның таризы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртңы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық жазған. Сауық Тәкежанов 1990-1993 жылдардағы экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы «Теңгенің алтын өлшемі» деген еңбек жазған.

Ал, Ерік Асанбаев Қазақстан Республикасының экс-вице президенті «Теңге» кітабының пайда болуына улес қосқан. Оның айтуынша: Егеменді Қазақстанның тұңғыш валютасы туралы осынау кітап, менің пікірімше із суытпай еліміздің жаңа тарих беттерін толтыруға арналуы тиіс. Ал сол тарихымыз оңайға түскен жоқ. 90-шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттігі Қазақстанға көптеген мән-жайларымен өктемделінді. Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, «ағаш сом» атауына ие болды. Екіншіден осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдалатын шаруашылық мәмлелерден бойын аулақ сала бастады. Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды, — деп өз пікірін айтқан

(262 баллов)