Біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл желек ағаш отырғызуды ұлттық дәстүрге айналдырған. Мұндай ұлттық рухани мұралар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқаны ауыз әдебиетінде кездесетін даналық нақыл сөздерден және маңызы зор мақал-мәтелдерден, ұлағатты өсиеттерден айқын байқауға болады. «Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның», «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ» осындай ұлттық ұлағатты жүрегімен сезінген және өзінің азаматтық парызы деп есептеген мектептің басшысы Абеева Сағымбала Хасенқызы көп жылдан бері көгалдандыру мәселесімен айналысып келеді. Мектеп ұжымы, ата-аналар және оқушылар мектеп басшысына үнемі бастаған игі істеріне қолдау көрсетіп жүреді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында: «Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдыруымыз керек», деп атап көрсеткен болатын.
Бұған үлес қосуды мектеп ұстаздары мен оқушылар және ата-аналар өздерінің азаматтық борышымыз деп санап, жыл сайын мектеп ауласын көгалдандырып, абаттандырып отыруды дағдыға айналдырып келеді.
Жыл сайын «Мен ағаш отырғыздым», «Ағаш отырғыз», «Менің жасыл мектебім», «Мектепке гүл сыйлайық», «Гүлдер біздің сәніміз», «Мектеп ауласын көгалдандыруға үлес қос» акциялар аясында бұл игі іс өз жалғасын табуда.
Әрдайым мектеп басшысының бастаған бастамасымен, жақсы істердің ұйытқысы болып жүретін жаратылыстану пән бірлестігі мен оқушылар осындай игі шараларда белсенділік танытып, «бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып»
қатысатыны қуантады. Атап айтар болсақ, биологтардың ұйымдастыруымен «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: табиғаттағы өсімдіктер әлемін сақтау, көгалдандыру және гүл мәденитін дамыту ұжымның гүлге деген махаббатын ояту. Семинарда биология пәнінің мұғалімдері
Какина Назгүл «Гүлдің тілі — тілсіз тіл» тақырыбында, Қайсархан Гулжазира «Бөлме өсімдіктерін күтіп баптау» және де Жақсылықова Бота «Гүлдің шығу тарихы туралы» баяндамалар оқыды. Семинар
соңында пән мұғалімдер бір-бірімен гүл өсіру жөнінде тәжірибе алмасты.
Осымен қатар мектеп ауласына 200 түп ағаш, 2000 жуық шырайгүл және де көпжылдық гүлдер егілді. «Бұл-келешек ұрпақтың таза ауада ауру-сырқаусыз, аман-есен өмір сүру үшін өте қажет». Алайда басты мәселе-мектеп ұжымы болып, басталған бастаманың аяқсыз қалмауы! Ол үшін барлығымыз болашақтың ісіне осы бастан бел шеше кірісіп, тал-дарақтың адам баласымен жан-жануарлар үшін қаншалықты қажет екендігін ойланғанымыз абзал. Ойымызды қорыта келе айтарымыз, атқарылған тірліктер ауқымды, алдағы уақытта да осы қарқын үдей түседі деген үміттеміз.