Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізге көрегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шоптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынын құтылу жолдарын іздестіре бастаған. Сөйтіп, өсімдіктің шипалық қасиетін зерттеп білуге адамды өмірдің өзі жетектейді. Оның алғашқы аптекасы орман мен дала болды.
Біздің Қазахстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: адыраспан , арша, қалақай, жолжелкен, шайқурай, асқабақ, сәбіз, пияз, т.б. осыларды адам аруларына тиімді пайдалану кажет.
Солардың көп пайдаланылатыны жолжелкен. Алматы облысының барлық жерлерінде өседі . оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген заттар бар. Дәрі мақсатында жолжелкеннің жапырақтары, сабақтары, ұрығы және тамырлары пайдаланылады. Жапырақтарын маусым-шілде айларында жинайды. Жапырақтарды көленкелі ашық ауада, желдеткіші бар үйде жайып кептіреді.
Пайдалану жолдары:
1. Жуылған жас жапырагын жараға, іріңді ісікке, шиқанға, сомға сорғыш дәрі ретінде жапсырады.
2. Жапырақтан сығылып алынған шырынды жәндіктер шыққан жерге және ірінді жараға жағады.
3. Жолжелкен тамырын іштен қан өткенде,қан қақарғанда қайнатылған күйінде ал ұрығын дизентерия болғанда, іш өту кезінде тиімді. Екі ас қасық тұқымды (10г) жарты стақан қайнап тұрған суға (100 мг-жуық) салып , шайқап суытып қояды. Суығаннан кейән әлгі тұқымымен бірге бірақ ішеді.
4. Қытай халық медицинасында қан тоқтататын және несен жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.
5. Ұрығынан жасалған қайнатындыны көз ауырғанда сыртына жағады.
6. Ұрығын қант диабетіне, жотелге, осндай-ақ еректер мен әйелдердің бедеулілігіне ішуге ұсынылады.
7. Жолжелкен шырыны түберклез, қатерлі ісікті емдеуге айтарлықтай нәтиже береді. Бір ас қасық жапырақты бір стақан қайнап тұрған суга салып 15 мин қояды да, сүзіп, тұндырмасын күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет ішеді.