Ананың ерлігі
Ана - әр азамат үшін құрметті адам. Ананың ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, туылғанда түн ұйқысын төрт бөліп, тамақтандырып ұйықтатудың өзі ерлік. Өскен сайын, жақсыға тәрбиелеп, жамандықтан сақтап жүретін жалғыз адам. Сенің әр басқан қадамына қуанып, жеңістеріне тамаса қарап, мадақтап отырады. Баласының қателігін түзеп отыратын да ана. Сенен бәрі сырт айналып кетсе де, тек анаң жаныңда демеу беріп, ешқашан сені ұмытпайды. "Ананың ойы балада, баланың ойы далада" деген мақалмен қорыта келе, азаматтардың аналарын сыйлап, әрқашан жанынан табылып, көмек көрсетіп, ананың сүтін ақтай білуі қажет.