1. Еңбектен асқан ем жоқ.
2. Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
3. Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
4. Денсаулық — зор байлық.
5. Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
6. Жалқаулық — жаман ауру.
7. Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.
8. Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
9. Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
10. Жұғын бар жерде — шыбын бар,
Шыбын бар жерде — шығын бар.
11. Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
12. Дос - жаран ауырып қалғанда,
Елемей селсоқ жүрерсің.
Әлекке ауру салғанда,
Қадірін жанның білерсің.