Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.
« Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»
« Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..»
« Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..»
« Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан… жер ұмытпас»
Осы жоспар бойынша балалармен бірге мазмұнын айта отырып, Баян бейнесін талдаймын.
І. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.
ІІ. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу.
ІІІ.Жанры: Поэзия, поэма
ІҮ.Сюжеттік-композициялық талдау:
Шығарманың басталуы.
« Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. « Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» деп
кейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше, ақында қаламымен сырласады.