《Ата мұраң - асыл қазына》шығарма

0 голосов
120 просмотров

《Ата мұраң - асыл қазына》шығарма


Қазақ тiлi (16 баллов) | 120 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Еліміздің ертеңгіболошағы-бүгін өсіп келе жатқан ұрпақ.

Ұлт болып ұйысын, ел болып еңсемізді кеңейткен  кезеңде қолға  алар ісіміздің бірі де, біргейі де- ұрпақ тәрбиесі. Жас ұрпақ бойына үлкенге  құрмет, кішіге  ізет, тұрмысы төмендерге мейірімділік, ар-ұят, адамгершілік, салт-сана, қадір-қасиет, имандылықпен  инабаттылық сияқты үлгілі өнегеге тәрбиелеу . халықымызыдың атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімен мәдениеттің тарихын білуге қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру, бүгінгі күннің басты ісі.

Қазақ халқы баласын адамгерщілік қасиетке,  еңбекке, өнерге тағы басқа тәрбие түрлеріне ойын той, қонақ сауық жерлерде тәрбиелей  баули отырған. Сондай-ақ ата-әже өнегесімен тәрбиесіне көңіл бөлген. Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Бала тілі ана тілінде шығып,  ана тілінің мың құбылған мазмұныны түсінсе ғана ұлттық қасиет, салт-сана дәстүр ерекшелігін игереді. Осы ана тілін түсінген әрбір жас  ата дәстүрді аттамайды. Қазіргі таңда «Атамекен» бағдарламасы бойынша №27 Оразақ орта мектебі  осы бағытта жұмыс жасап келеді. Жақында осы бағыт бойынша «Атамекен» семинары өткізілді. Бұл семинарға аудандық оқу бөлімінің бас маманы  Кегенова Күміс Төлеубекқызы бастаған, әр мектептерден директордың тәрбие ісінің жетекшілері және  аға тәлімгерлер арнайы келді.  Мектепте жалпы қалыптасқан дәстүр бойынша  көптеген іс-шаралар өз деңгейінде  өткізілді. Әр сынып өздерінің бөлінген бағыттары бойынша жұмыс атқарып келеді. Осы семинарда 5 а сынып  бағыт бойынша «Тұсау кесер» және «Бесікке салар» дәстүрін көрсетті.  Бұл сабақта  ата-аналар  да дайындалған екендігін қонақтар ризашылығынан байқауға болады. Сынып жетекшісі Утебекова Б.С

Ал 2-4 бастауыш сыныптары арасынада кең көлемде «Төрт түлік» бағыьы бойынша ашық тәрбие сағаты көрсетілді. Бұл бағыт оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты берілген бағыт болғандықтан, өте тартымды және өнерлі балалардың төрт түлік туралы өлең тақпақтары, әндері, билері айтылып,  төрт түліктен алынатын өнімдер дастарханда да көрсетілді.  Бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің жетекшісі Такенова Сайран Қасымбекқызы жүргізген бұл сабаққа қонақтар жоғары баға беріп, балаларға шын ниеттерін білдірді. 7 в,7 б,11 сыныптар «Менің Қазақстаным» бағыты бойынша  «Әлем таныған Қазақстан» тақырыбында  ашық тәрбие сағатын көрсетті. Бұл сабақ бір жағынан тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына  тұспа-тұс келуіне байланысты  тарих пәні мұғалімі  Амантаева Гүлназ Сманқызы  көп үлесін қосты.  7 в сынып жетекшісі Булашева Ғалия Қабылдақызы өз сыныбына бөлінген бағыты бойынша  жан-жақты дайындығын қонақтар алдында көрсете білді. 9 а,в сыныптар  арасында «Қызым қызғалдағым, ұлым ізгі арманым» тақырыбында  сабақ көрсетті. Бұл сабақта  жоғарғы сынып оқушылары  қазақтың ұл-қыздарына тән  сөйлеу мәдениеті, инабаттылық, ізеттілік қылықтарды қонақтарға  көрсете білді.  Сыныптың мың бұралған бишілері би билеп, әнде шырқады.  Бұл сабақта жан- жақты, тартымды  өті.  Сынып жетекшісі Есентемирова Тамара Айтбайқызының еңбегі зор.

(117 баллов)