Ботагоз гул туралы малимет

0 голосов
113 просмотров

Ботагоз гул туралы малимет


Қазақ тiлi (140 баллов) | 113 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

Ботакөз, құралай (лат. Myosotis) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.


Қазақстанда Павлодар, Ақтөбе облыстарында, Алтайда, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында кездеседі. Бұлар табиғи жағдайда тау беткейлерінде, жазық далада, су жағасында өседі. 12 түрі бар: бұлардың ішінде көп тарағаны орман Ботакөзі (M. sіlvatіca). Биіктігі 30 — 60 см, сабағы тік, көп бұтақты, сыртын ұзын түк басқан. Жапырағы (ұзындығы 2 — 5 см, ені 0,5 — 1,5 см) сабаққа кезек орналасқан. Көгілдір, көк түсті гүлдері ұсақ, көп гүлді, гүлшоғырына топтасқан. Мамыр — маусымда гүлдейді. Жемісі — көп дәнді жаңғақ. Бұлардың батпақ Ботакөзі, альпі Ботакөзі деген түрлері қолдан өсіріледі. Тұқымынан, кейде вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жақсы өсіп-жетілуі үшін оларды құнарлы топыраққа, Күн сәулесі тік түспейтін көлеңкелі және ылғалды жерлерге отырғызады. Ботакөздер — хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.[1]

(52 баллов)
0 голосов

Ботагөз гүл:көп жылдық, сабағының ұзындығы қырық-алпыс сантиметрге жетеді,бір сабақтан бірнеше ұсақ гүлдер,түсі көгілдір,мамыр,маусым айларын да гулдейді.

(1.8k баллов)