сімдіктер ішінде сан жағынан аз болғанымен (8),, адамға қатысты әрі пікір алысуда жақтық қатынаста өте жиі жұмсалатыны – жіктеу есімдіктері. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Бұлар тілімізде жиі қолданылуымен қатар, орасан зор қызмет атқарады. Жіктеу есімдігінің ішінде ол есімдігінің ерекшелігі – көпмағыналылығында, яғни ол жіктеу есімдігі болуымен қатар және жіктеу есімдігінің ІІІ жағы, кейде сілтеу есімдігі ретінде де жұмсала береді: Ол уақытта, ол кісі т.б.