Ұлттық өнер. Қол өнері.
Біздің халқымыз өз қолөнеріне жүн, тері, ағаш, бағалы металдар /алтын, күміс т.б./ асыл тастар, сүйек, қыш т.б. заттарды пайдаланған. Осылардан қазақтың киіз үйіне керекті мүліктер: абдыра, жүкаяқ, ағаш төсек, астау, ағаш ожау, қасық, тостақ /түрлі түсті/, келі, торсық, түрлі қыш ыдыстар, күбі, піскек, қол диірмен т.б.; батырлардың қару-жарағы: айбалта, сауыт, садақ, шоқпар, т.б.; музыка аспаптары: асатаяқ, қобызд, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сыбызғы-сырнай жасаған. Тасты ойып «тас құман» да жасаған.
Асқан шеберлікті қажет ететін қолөнері – зергерлік.
Зергерлік өнер – көне заманнан келе жатқан өнер түрі.
Алтын, күмісті, бағалы тастарды, сүйекті өңдеп, сән-салтанат үшін әсем бұйымдар жасау зергерлікке жатады. Қазақ зергерлері негізінен әйелдерге сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырмадан бастап әйелдер мен еркектерге арналған түйме, белбеу, іс тігуде қолданылатын оймақ, түйреуішке дейін жасаған.
Ер адамдардың тағы бір асыл заты – насыбай салатын шақшасы. Киіктің, ешкінің сүйегінен жасап, сыртын күміспен оюлап әшекейлеген.
Қазақ халқының әйел мен еркекке бірдей ортақ құнды нәрселерінің бірі – ер-тұрман. Ерді алтындаған, күмістеген, айшықтаған. Жезбен өрнектеген түрлері болған. Қысқаша айтқанда, қазақтың зергерлік өнері – көне заманнан бері жалғасын тауып келе жатқан халқымыздың тамаша өнері.
Қазақ халқы қайың, емен, арша, жиде тобылғы т.б. ағаш түрлерінен үй іші заттарын жасауды ерте дәуірден-ақ жақсы меңгерген. Ағаш шеберлерінің сол кездегі бұйымдары күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Мәтінге жоспар кұрыңыз.тез өтініш.