Менің казақстаным тақрыбына əңгіме қура

0 голосов
93 просмотров

Менің казақстаным тақрыбына əңгіме қура


Қазақ тiлi (16 баллов) | 93 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.


Туған жер
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?

(261 баллов)
0 голосов

Менің отаным — Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Қазақстан — мен үшін де, менің ата — бабаларым әрқашан өте киелі елді мекен болып келген. Осы елде өмірге келіп , тер төгу етіп , білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді, қазақ жұртының салт — дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.

қазіргі күні Қазақстан береке ордасына шарықтап отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. «Құс ұясыз болмайды, кісі Отансыз болмайды.»,-дейді қазағым, ал менің Отаным сонау Каспийден басталып Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке . Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші ?! Еліміздің басынан азап та , ашаршылық та , сұм соғыс та өтті.Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа тырысқан Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға — апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.

Біздерде Абылайдың саясаткерлігі, Қабанбайдың ерлігі , Қазыбектердің биліктері, Жиреншешелердің шешендігі , Абай — Махамбеттердің даналығы бар. Оған қоса , ата- бабалар мұра етіп қалдырған асыл — байлық жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен жер жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды ғұмырға әкелген кенді өлке туғаныма қатты қуанам. Сол байлықты біздер игеріп, иемденеміз , ілгері басып дамимыз.

Мен кандай мамандық қалап, таңдауымды жасасам да, құстай зәулім ұшып, тауға өрлеп шықсамда еліме құшағымды жайып жүремін. Мен — егеменді елімнің ертеңімін «Сен де жалғыз кірпіш өмірге, кетігін тап та , бар қалан » , — деп Абай атамыз айтқандай , Отанымның келешегі үшін өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Біз жастар Қазақстанның келешегіміз, туып өскен жерімізді, жерімізді оп — оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төзіп беруге даярмыз.

(206 баллов)