Адамдық борышың шыгарма

0 голосов
168 просмотров

Адамдық борышың шыгарма


Қазақ тiлi (34 баллов) | 168 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Адамдық борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім қажы адамдық борыш турасында: «Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді. Сонда таза ісімен, адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Шәкәрім сондай адамдар туралы айтып отыр. Алайда, көшпелі ортада адамдық өзінің функционалдық болмысы жағынан туыстық-рулық байланыстардың іргелі нормалары және принциптерімен біте қайнасып жатқандығын аңғаруға болады. Мысалы, көшпелі ортада қоғамдық қатынасты реттеудің ең ілкімді принциптерінің бірі ағайыншылықтың басты шарты адамдық болды. Яғни адамдықты ұстанған руластардың арасында ғана ағайыншылық жүрмек. «У ішсең руынмен» деп келетін мәтел сөздің туыстық-рулық қатынастарды ұйымдастырушылық принципі ретіндегі әлеуметтік-институционалдық қауқары дамдықтың сақталуына тығыз байланысты болды.[1]


(598 баллов)