Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен,
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың,
Аллам сенен жамандықты қашырсын,
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★
♥♥♥♥Поставь ♥ЛАЙК♥♥♥♥