Менің әжемнің қолынан бәрі келеді. Кілем, алаша тоқиды. Оларға салған ою- өрнектері сан-алуан. Ол бізге қолғап, кеудеуше, шұлық тоқып береді. Менің әжем өздеріңіз суретте көріп отырғандай өте сұлу, мейірімді. Мен оның бос отырғанын ешқашан көрген емеспін. Мына суреттегі кілем, қолдорба, әжемнің иығындағы орамал бәрі әжемнің еңбегі. Мынау жіптерді өзі жүнді түтіп, иіріп дайындаған. Ерке мысығым әркезде әжемнің қасында.