Білімді болу дегеніміз не?
Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы-түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл-көсір өлшеусіз әрекет ету керек. Ғылым-білімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады. Білімнің керек емес жері жоқ.
Білімдіден шыққан сөз-дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім –бұл өлшеусіз байлық.
Білім –сенің серігін, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой-арманын, талап- тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Білімсіз ешнәрсе ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орынды тауып атың шартарапқа тарайды. Білімдіге қашанда төрден орын тиеді.
Білімді босаға жақта отырғанмен біртіндеп төрге шығады. Нағыз білімділік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс.
ХХІ- ғасыр зиялы ұрпақтың дамуы, еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенетін болады. Біз рухани ізгілікті, мәдени құндылықтарды жаңарту мен қалыптастыруда, біліммен ғылымды дамытуда да осындай жаңа саналы серпілістер жасауға тиіспіз. Онсыз дамыған, қуатты мемлекет болу мүмкін емес. Сан мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болу керек.
Қазақ халқы қай кезде де білім мен ғылымнан мәдениеттен кенде болған емес. Солай десек те, әрбір дәуірдің қояр талабы бар. ХХІ-ғасыр табалдырығын әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған Қазақстан болашағы кемел білім мен ғылымда. Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап, мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны – алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
« Білім- өмір шырағы»,- деген. Білім –бұл қолдағы шырақ.
Сіздердің берген білімдеріңізді жас ұрпақ осы шырақтай бағалап , білімді, білікті болып биікке самғап ұша берсін демекпіз.
Сіздерді 1-қыркүйек білім күнімен ыстық ықыласпен құттықтаймыз!
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқандай, қай заманда болмасын ұстазға ерекше құрмет көрсетілген.
Ұлы химик-ғалым Д.И.Менделеев: «Мектеп халықтар мен мемлекеттердің тағдырын айқындайтын алапат күшке ие» деген болатын.
Осы алапат күштің басты тірегі – Мұғалім.
Педагог – білім берудегі басты тұлға.
Шәкірттеріне өмірдің қыр-сырын танытып, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге баулыған дарынды мұғалімдердің біздің қоғамымыздағы еңбегі өлшеусіз.
Сондықтан да мұғалім кәсібі қоғамды ең беделді, құрметті мамандыққа айналуы тиіс.
Біз осы ата-баба дәстүрін қайта жаңғыртуы-мыз қажет.
Ұстаздық ету – мамандық қана емес, бұл өмірдің мәні мен мағынасы, сонымен қатар жас ұрпақтың ізгі болашағына деген сенімі болып табылады.