ОПщем так пишешь
Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ
бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы
облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы
қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы
басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол
құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында
Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің
алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды
дүниеге келтірген.