Шәкен Кенжетайұлы Айманов

0 голосов
91 просмотров

Шәкен Кенжетайұлы Айманов


Қазақ тiлi (22 баллов) | 91 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл — 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964ж КСРО-ның халық артісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.

Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

Марапаттары:
Қазақстанның халық әртісі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1968);
КСРО Халық әртісі(1964);
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).

(58 баллов)