Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы туралы айтып беріндер. Мысал...

0 голосов
124 просмотров

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы туралы айтып беріндер. Мысал келтіріңдер.


Қазақ тiлi (20 баллов) | 124 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)
-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)
-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)
-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)

(740 баллов)
0

Спасибо