Достарым
Тұрғанымда қысылып
Медет берген достарым;
Өз қайғысын ысырып
Көмек берген достарым;Замандастың жеңісін
Көре білген достарым;
Қолындағы жемісін
Бөле жеген достарым;Сынға түскен кездерде
Сырын бермес достарым;
Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым;Тайғақ заман, тар жерде
Қолын берген достарым;
Жолдасына мәреде
Жолын берген достарым.Жырға сені қосумен
Өтсем деймін досым-ау;
Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау.Авторы: Жанбай Өзденбаев