Сен қазақ халқының ұлттық бас киімдерін білесің бе?
Білемін, неге сұрадың?
Өтінемін, білсең маған айтып берші?
Жарайды, тыңда. Ерлер қысты күні киетін бас киім: тымақ, бөрік. Жазда тақия .
Ал, қыздар, әйелдер не киеді?
Қыздар тақия, сәукеле киеді. Әжелер, аналар ақ жаулық тартады, кимешек киеді.
Саған көп рахмет, досым. Енді менде білетін болдым.