Қарағанды туралы әңгіме құрау

0 голосов
128 просмотров

Қарағанды туралы әңгіме құрау


Қазақ тiлi (12 баллов) | 128 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қарағанды облысы — облыс Қазақстанның орталық бөлігінде, Солтүстік Мұзды, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан тең қашықтықта Еуразия құрылығының дәл ортасында орналасқан. Ауа-райы қатал континенталды және тым құрғақ болып келеді. Облыс Қазақтың ұсақ шоқылы қыраты – Сарыарқаның бөлігін алып жатыр.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы – аумағы жағынан және өндірістік әлеует бойынша ең ірі, минералдар мен шикізатқа бай облыс. Облыс аумағы жаңа шекараларда 428 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы көлемінің 15,7 % ). Облыста Қазақстанның барлық тұрғындарының оннан бір бөлігі тұрып жатыр.

Солтүстікте Ақмола облысымен, солтүстік шығыста   Павлодар, шығыста – Шығыс Қазақстан, оңтүстік шығыста – Алматы, оңтүстікте – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, батыста – Ақтөбе, солтүстік батыста – Қостанай облыстарымен шекаралас.

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ең алғашқы орталығы Петропавл қаласы болған. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылғаннан кейін, орталық Қарағанды қаласына көшірілді.

(174 баллов)