Іс былай болды. Мен саябақта серуендеу үшін шықтым. Серуендеп жүрмін, жан-жағыма қарасам: көгершін жерде жатыр екен. Қасына бардым, байқап қарасам бірнәрсе болған екен. Ұша алмайды. Мен оны үйге алып барамын деп шештім. Алып бардым, қанатын тазалап, көмек көрсеттім де, орап қойдым. Көгершін үш күн бойы менің үйімде болды, сосын мен оны еркіне жібердім.
Бізде жан-жануарларға ұқсаспыз. Әрине, барлығымен емес. Кейбіреулері өздері өмір сүріп, аман қала алады, ал кейбірі олай емес. Дәл, біз секілді: бірі сап-сау, бар жағдайы жасалған болса, енді бірі, тіпті үйінен де шыға алмайды, себебі, ауырып жатыр. Бізде бір-бірімізге көмек көрсетеміз.
Менде, солай, көгершінге көмектестім.