Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады.1 Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады.
Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен, депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, Парламент таратылған, депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады.
Депутат Палатаның, оның органдарының отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспаса ол еңбек ақыдан, материалдық қаржылық және әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан айырылады. Бұл туралы Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Жарлығында айқындалған.
Парламент Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бірлескен отырысында қабылданған Казахстан Республикасы Парламентінің Регламенті Палаталардың бірлескен — отырыстарын өткізу шарты мен тәртібін, Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру механизмін белгілейді.1
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысымен ашылады және жабылады.
Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады. Кезекті сессияны Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады сонымен қатар жылына бір рет — қыркүйек айының бірінші жұмыс күнінен маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін өткізеді. Ал кезектен тыс сайлау Парламент өкілеттігін мерзімінен тоқтатқан кезден бастап екі ай ішінде өткізіледі.