Эссе керек! Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дәстүрін сақтауға міндетті ме?

0 голосов
246 просмотров

Эссе керек! Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дәстүрін сақтауға міндетті ме?


Қазақ тiлi (15 баллов) | 246 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Менің білуімше, біздің әлеміміз жаһандану үрдісін басынан кешіріп жатыр. Жаһандану - алмасу, технологиялық жаңалықтар және Интернеттің қосындысынан пайда болған. Алайда, ғалымдардың айтуынша, бұл үрдіс нәтижесінде түрлі елдер мен халықтар өз тілдері мен дәстүрлерін ұмытып, басқа мекеннің құндылықтарына ауады. Сонда, кіші мелекеттер мен этно топтар өз тілін үлкен, алып "ағылшын" сынды тілдерден қорғау үшін не істеу қажет? Әрине, өз құндылықтарын сақтауға тырысып, салт-дәстүрлерін жаңа ұрпаққа тарату қажет. 
Ал саяхатшылар мәселесіне келетін болсақ, олар өзге елден келген қонақтар. Біздің міндетіміз - оларға еліміздің бар әдемілігін көрсету. Бірақ, оларда да біршама міндеттемелер бар. Мысалы, егер Араб Әмірліктерінде ашық-шашық киінуге тиым салынса, бұл заңды қаралауға болмайды. Әйтпесе, тәртіп сақшылар сізге айыппұл төлеткізуі мүмкін. Келесі міндеттеме - қонақ болып келген елдің салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті. Бір топ ағайын ән салып тұрса, оларға безеріп қарап, жамандауға саяхатшылардың моральді құқығы жоқ деп ойлаймын. Ал енді соңғы міндеттеме - елдің салт-дәстүрін сақтау. Бұл негізі саяхатшының өзіне де біршама пайдалы болады. Өзге елдің салтын білгеннен, ешкімнің миы толысып кеткен жоқ деп ойлаймын. Сол себептен, Қазақстанға келген саяхатшылар біздің тарихты, өнерді және сал-дәстүрлерімізді білу қажет.

(2.3k баллов)