Ашамай сөзінің мағынасы

0 голосов
211 просмотров

Ашамай сөзінің мағынасы


Қазақ тiлi (21 баллов) | 211 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ашамай — баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Тепкішек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын. Сәнді болу үшін оның беті кестеленіп, шүберекпен астарланады. Ашамайдың тағы бір құрамды бөлігі — қолтырмаш, Ашамайдың алдыңғы, артқы қасына бала қолтығының астынан байлайтын ағаш. Қазақта бала үш жасқа толысымен, атқа ашамай салып, мінгізіп үйрете бастайды. Түйеге, жылқыға жүк артуға пайдаланылатын ыңыршақты да кейде “Ашамай” деп атайды.

(1.6k баллов)