Тақырып Ұлы Отан мен отбасын ажыратыңдар деген, неге? Бұл мен үшін түсініксіз. Бірақ, ойланып, жауап іздеп көрейін. Отан тек бір ғана адамдікі немесе бір ғана отбасының, я бір ғана ұлттың меншігі емес, сол елде тұратын қанша адам, қанша отбасы, халқы болса сол баршаның меншігі. Отбасы әрбір адам үшін қымбат, бұнда ең жақындарың: ата-анаң, ата-әжең, бауырларың, олар сен үшін өмірін қиюға әзір, ерекше жандар. Бұнда сен өмірге қажет тәрбие аласың, адам арасындағы сүйіспеншілік, қарым-қатынастарды үйренесің. Ал, есейгенде осы отбасындағы алған тәлім тәрбиеңді енді отбасынан тыс әлемде қолданасың, сен бұрын тек отбасын ойласаң, енді оның шекарасы кеңейеді, ол Отан деген үлкен дүниемен жалғасады. Енді сен Отан үшін де жауапкершілігіңді сезінесің, қажет жағдайда оны қорғайсың. Сондықтан Ұлы Отан мен отбасы бір-бірінің жалғасы, олар ажырамау керек.